Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Мәжіліс депутаты Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды


Kyzylorda-news.kz
. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Гүлшара Әбдіқалықованың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Біздің әріптесіміз Гүлшара Наушақызы осыған дейін үлкен қызмет жолынан өтті. Көптеген лауызымды жұмыстарды абыроймен атқарды. Сондықтан әріптесіміз жаңа қызметте де қасиетті Қызылорда облысының дамуы үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз. Осы жерде ерекше айту керек, егемен еліміз тарихында алғаш рет әйел адам облыс әкімі болып тағайындалды. Бүгін белгілі себептермен Гүлшара Наушақызы жалпы отырысқа қатыса алмады. Оны өздеріңіз түсініп отырған боларсыздар. Қазіргі жағдайда облыс әкімі ретінде жұмысын бастап, өңірдің маңызды мәселелерін шешуге кірісіп кетті. Сондықтан осы өте жауапты жұмысында зор табыстар тілейміз»,- деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Еске сала кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды.
---
01 сәуір 2020 ж. 243 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области