Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


    Жиында Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының нәтижелері мен қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар қарастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
    – Біз бүгін Қазақстан делегациясының АҚШ-қа ресми сапарының қорытындысын, соның ішінде АҚШ Президенті Дональд Трамппен, Вице-Президент Майкл Пенспен, басқа да басшылармен өткен келіссөздердің нәтижелерін талқылаймыз. Сондай-ақ, еліміздің мүддесі үшін бұл уағдаластықтардың орындалуына септігін тигізетін шараларды қарастыру қажет, – деді Елбасы.
    Қазақстан Президенті АҚШ-тың ірі компанияларымен және қаржы институттарымен жасалған келісімдерді іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
    – Біз америкалық бизнес «капитандарымен» нақты уағдаластықтарға қол жеткіздік. Бұлар біздің экономикамызға, әсіресе инновацияны енгізу, цифрландыруды дамыту және Қазақстанға инвестициялар мен жаңа технологияларды тарту салаларына тың серпін беретін болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    Соңында Елбасы Қазақстан мен Американың жоғары деңгейдегі диалогы еліміздің экономикасын дамыту және өңірдегі қауіпсіздікті нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.
    Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесі отырысының қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

24 қаңтар 2018 ж. 557 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области