Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ АЛДАҒЫ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ

ПРЕЗИДЕНТТІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ АЛДАҒЫ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ


    Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін сыртқы саяси оқиғаларға қатысты көптеген сауалдың келіп түсуіне байланысты Президенттің Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы жұмыс кестесі туралы айтты:
    «Мемлекет басшысы биылғы 13 наурызда Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чон Се Гюнмен кездеседі.
    14 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Қазақстанға ресми сапармен келеді. Сапар аясында мемлекеттер басшылары күн тәртібіндегі екіжақты, өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайды.
    15 наурызда Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері, соның ішінде Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан және Өзбекстан Республикасы басшыларының жұмыс (консультативтік) кездесуіне қатысады. Бұл бес жақты келіссөздердің Орталық Азияның барлық елі үшін ортақ мереке – Наурыз мейрамы қарсаңында өтуінің маңызы зор.
    Түрікменстанда жоғары деңгейдегі іс-шаралардың алдын ала жоспарлануына байланысты бұл елден Меджлис төрайымы А.Т.Нурбердыева ханым қатысады.
    Сол күні Н.Назарбаев пен Ш.Мирзиёевтің қатысуымен Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары өнер қайраткерлерінің гала-концертіне қатысады.
    16 наурызда Мемлекет басшысы Сирия жөніндегі Астана процесіне кепіл болатын министрлік деңгейіндегі бірінші кездесуге қатысушылар – Ресей, Түркия және Иран сыртқы істер министрлерімен жүздеседі».

12 наурыз 2018 ж. 818 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области