Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТАРЫ МЕН ГРАНТТАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАҚ САЛАСЫНДАҒЫ СЫЙЛЫҚТАРЫ МЕН ГРАНТТАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Жарлық шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сай, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары отандық бұқаралық ақпарат құралдарын және ақпараттық-сараптамалық электронды ресурстарды дамытуға қосқан үлесі үшін «іnformburo.kz» интернет-порталының бас редакторы - Дорофеев Михаил Викторовичке; қазақстандық журналистиканы және ұлттық телевидениені дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Астана» республикалық телеарнасының бас директоры - Танысбай Ләззат Мұратқызына берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары мына адамдарға тапсырылатын болды:
Әділова Айгүл Нұрханқызына - «Хабар» республикалық телеарнасының сараптамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне Мемлекет басшысының қызметін жан-жақты әрі сапалы жариялап-көрсеткені үшін;
Жиенәлі Мейіржан Әлібекұлына - «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасарына отандық телевидениедегі ақпараттық-сараптамалық бағдарламаларды ілгерілету ісінде қол жеткізген кәсіби жетістіктері үшін.
Сондай-ақ, бірқатар БАҚ қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жарияланатын болды:
«Алматы» телеарнасының шығармашылық ұжымына отандық телевизиялық журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;
«Астана ақшамы» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шығармашылық ұжымына Астананың әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық дамуындағы маңызды тақырыптар мен негізгі мәселелерді жариялап-көрсетуге қосқан ерекше үлесі үшін;
«Балдырған» республикалық балалар журналының шығармашылық ұжымына еліміздің өскелең ұрпағын тәрбиелеу ісіне және қазақстандық патриотизмді нығайтуға қосқан зор үлесі үшін;
«Өзбекстанның ұлттық телерадиокомпаниясы» шығармашылық ұжымына Қазақстандағы Өзбекстан жылын және түрлі салалардағы Қазақстан-Өзбекстан ынтымақтастығын дамыту мәселелерін жариялап-көрсеткені үшін.
26 маусым 2018 ж. 636 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области