Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлықталған Президенттің бағдарламасы елдің үдесінен шығады - Мұрат Бақтиярұлы

Ұлықталған Президенттің бағдарламасы елдің үдесінен шығады - Мұрат Бақтиярұлы

Kyzylorda-news.kz. Бүгін, маусымның 12-сі Нұр-Сұлтан қаласында 9 маусымда өткен ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында сайланған Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі өтті. Осыған байланысты ҚР Парламент Сенатының депутаты Мұрат Бақтиярұлы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Қазақстан үшін ерекше тарихи саяси күн. Өйткені, бүгін ұлықтау рәсімі өтті - ел тариыхындағы екінші Президентті ұлықтадық. Өздеріңіз білесіздер, 28 жылдан астам уақыт Қазақстанды басқарып келген Елбасы - Тұңғыш Президент қызметін доғарғаннан кейін, Қасым-Жомарт Тоқаев бұл лауазымға уақытша келген болатын. 9 маусымдағы сайлау нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетіп, бүгін ресми түрде президенттік қызметіне кірісті», - деп түсіндірді сенатор Мұрат Бақтиярұлы.
Оның айтуынша, бүгінгі ұлықтау рәсімі аса жоғары деңгейде өтті. Онда тиісті заңнамада көрсетілгеніндей, барлық атрибуттар сақталды.
«Лауазымына кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев бағдарламалық сөзін де жариялады. Онда бірқатар маңызды мәселелер қамтылып отыр. Соның үшеуіне тоқталғым келеді. Біріншісі - сыбайлас жемқорлық. Бұл қарапайым халықты да толғандыратын мәселеге айналды. Президент осы келеңсіздікпен заңды қатайту арқылы күресу керектігін атап өтті. Сосын - әділеттілік. Соның ішінде қарапайым халықтың басындағы әділдік. Президент бұл ретте елдің тұрмыс дәрежесінің де төмендеп кеткеніне назар аудартып, оның себебін де ашып көрсетті. Үшіншісі - қоғамдағы әртүрлі көзқарастарды сыйлай отырып, ортақ ұстанымға шақыру. Әрине, қоғам болғаннан соң әртүрлі пікір болады, соның бәрі ескерілуі тиіс. Алайда сол түрлі пікірлер біртұтас ұлтқа қызмет етуі шарт», - деді сенатор.
Депутат Президент сөзінде бизнесті дамыту, осы бағыттағы кемшіліктерді дұрыстау, жол мен ауыз су мәселелері де орынды көтеріліп отырғанын атап өтті.
«Әлеуметтік мәселенің ішінде әлжуаз топтардың, жалғызбасты аналардың жағдайы, олардың мемлекеттен қамқорлығы туралы да дұрыс пікірлер айтылды. Жеке басым ұлықталған Президенттен өзі айтқан бағдарламалары бойынша үлкен үміт күтемін. Біз осы бағытта қолдан келгенше қолдап, заңнамалық қамтамасыз ету тұрғысынан атсалысамыз. Ең бастысы бізге бірлік пен ынтымақ керек. Әділдік орнау да басты принцп. Бұл елдің билікке деген сенімін нығайтады», - деді М.Бақтиярұлы.
Еске сала кетейік, ҚР Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес, 9 маусымдағы кезектен тыс сайлауда кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,96 процент дауысын (сайлаушылардың 6 539 715 дауысы) алып, жеңіске жеткен болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің ант беру күнін 12 маусымға белгілеу туралы арнайы қаулы қабылдады.
Ұлықтау рәсімі барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді. Ал ант берген сәттен бастап жаңадан сайланған Президент ресми қызметiне кiрiскен болып саналады.

12 маусым 2019 ж. 546 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области