Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Фердоуси Қожабергенов: Жолдау кәсіпкерлік саласының дамуына серпін береді

Фердоуси Қожабергенов: Жолдау кәсіпкерлік саласының дамуына серпін береді


Қыркүйек айының алғашқы жұмыс аптасындағы мемлекет үшін маңызды оқиға елді елең еткізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған алғашқы Жолдауы бизнес өкілдері үшін тосын, әрі жағымды жаңалықтарға толы болды.
Жолдаудағы бизнес өкілдері үшін үлкен қолдау – Президенттің микро және шағын бизнес компанияларын табысқа салынатын салықтан 3 жылға босату туралы Үкіметке заңды негіз құруды тапсыруы болды.
Мемлекет басшысының Үкіметке берген осы тапсырмасы - кәсібін бастаған шағын бизнес өкілдері үшін ақжолтай жаңалық. Нәтижесімен жаңа жұмыс орындары ашылып, өз елімізде өндірілетін өнімдер артатындығына сенім білдіреміз.
Жолдауда айтылған «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасына қосымша бөлінетін 250 млрд.теңге, 2020 жылдан бастап 3 жылға дейін микро және шағын кәсіпкерлікті тексеруге тыйым салу, экономиканы әртараптандыруға қатысты мәселелер кәсіпкерлердің көкейінде жүрген жайттар болатын.
Мәселен, 2010 жылдан бері «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында біздің облысымызда жалпы құны 64 млрд.теңгені құрайтын 720 жоба мақұлданған. Оның ішінде осы жылдың өзінде жалпы құны 1,458 млрд.теңгені құрайтын 58 жоба қаржыландырылып отыр. Бағдарлама шеңберінде 9 жылдың ішінде 11 мыңнан аса жұмыс орны сақталып, оның ішінде жаңадан 5 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылды.
Бағдарламаның кәсіпкерлерді қолдап қана қоймай, халықты жұмыспен қамтуда да маңызы ерекше зор. Жолдау бізге осынысымен де құнды және ел кәсіпкерлері үшін тиімді.
Жалпы Жолдауда ел экономикасын және халықтың әл-әуқатын одан әрі жақсарту бойынша жаңалықтар өте көп болды. Енді сол алға қойған міндеттерді бірге жүзеге асыруымыз ғана керек. Ең бастысы қолдау бар. Тек нәтижелі жұмыс жасауымыз қажет.

Фердоуси ҚОЖАБЕРГЕНОВ,
облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы.
04 қыркүйек 2019 ж. 588 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области