Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НҰРБОЛАТ ИБРАЕВ

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: НҰРБОЛАТ ИБРАЕВ


«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында жастардың үлгі алуына, заманауи Қазақстанның келбетін танытуға мүмкіндік беретін «100 жаңа есім» жобасына кезекті үміткерді ұсынамыз.
Нұрболат Ибраев 1988 жылы 30-желтоқсанда Қызылорда облысында дүниеге келген. 2004-2007 жж. Қызылорда гуманитарлық заң колледжін қаржы және қаржы құқығы мамандығы бойынша бітіріп, 2007-2010 жж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде қаржыгер мамандығы бойынша білімін жалғастырса, 2015-2017 жж. аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде заңгер мамандығы бойынша оқиды. 2017-2018 жылдары Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті техника ғылымдарының магистрі атанды. 2007 жылдан бері Нұрболат Балтабайұлы – «Авто-лидер Қызылорда» ЖШС-ның директоры. Ол жас болса да, меценаттық жасап, көпшілік ықыласына бөленіп жүрген азамат. Мәселен, Бірқазан елді мекеніндегі Мәңгілік алау монументінің салынуына қаржылай көмек көрсеткен. Одан өзге, Қазақ xандығының 550 жылдығына орай «Өнер керуені» атты үлкен жобаның демеушісі болды.
«Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына, облыстық жүйке аурулар ауруханасына тұрақты түрде көмек көрсетіп отырады. Кәсіпкер мәдени шаралардан өзге, жастарға қолдау білдіруге қашанда аянған емес. Қызылорда қалалық «Жайдарман» филиалының тұрақты демеушісі, сондай-ақ Қызылорда қаласында өткен республикалық жас ақындар айтысына, «Жас Отан» жастар қанаты және әр түрлі жастар ұйымдарына қаржылай көмек көрсетіп жүр. Ұлттық ойындарымыздың дамуына үлес қосып, асық ату федерациясы Қызылорда облысы филиалының ашылуына мұрындық болған. Нұрболат Балтабайұлы Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген облыстық «Рухани жаңғыру» орталығының іс-шараларына қаржылай қолдау білдіріп келеді. Атап айтар болсақ, «Алғыс айту» күніне орай ұйымдастырылған Қалтай Мұхамеджанов атындағы қазақ орта мектебінде ашылған ұлттық аспаптар ансамбліне 10 домбыра сыйға тартты. Сонымен қатар мектеп оқушылары арасында өткен облыстық асық ойынына, «Ұлттық сусындар» акциясына қаржылай қолдау білдірді.
03 қазан 2018 ж. 860 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области