«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100 ЖАҢА ЕСІМ»: ИСЛАМ САЛИМОВ
нар түйенің белгісі – қабырғасын сөксе де бақырмайды,
нағыз туған асыл ер, қанша қасірет шексе де,
қайғыланып «аһ» ұрмайды»
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының ІІ кезеңіне тағы бір үміткерді ұсынып отырмыз. Ол халықаралық дәрежедегі спорт шебері, пара Азия ойындарының қола жүлдегері Ислам Салимов.
Ислам 1989 жылы 18 желтоқсанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Көз жанарынан II топтағы мүгедек. Басқа түскен бақытсыздыққа мойымай, еңсесін тіктеп, қатарластарымен бірге оқу оқып, кәсіби білім алды. Сонымен қоса, спортқа ден қойып, 2003 жылдан бастап жеңіл атлетикамен айналыса бастады. 2008-2012 жылдары аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру факультетін оқып шықты. Күш-жігері мықты Ислам көп өтпей, спорттық жолында алғашқы тырнақалды жетістіктерге жетті.
Ислам Эрикұлы жеңіл атлетикадан 2006 жылы Малайзияда және 2010 жылы Гуанджоуда өткен Пара Азия ойындарынан қола жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ, ол ұзындыққа секіруден халықаралық турнирлердің, 400 метрге жүгіруден Гран-при жарыстарының бірнеше дүркін чемпионы атанған. 2012 жылғы паралимпиалық Ойындарға қатысып қайтты. Ислам 2014 жылы Италияның Гроссето қаласында өткен халықаралық жарыста 400 метрге жүгіруден Қазақстан Республикасының рекордын жаңартқан. Ал 2015 жылы Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында өткен Бүкіләлемдік спорт ойындарының күміс жүлдегері атанды.