Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауында қоғамның барлық саласы бойынша маңызды мәселелерді көтере отырып, мемлекет алдына кезек күттірмейтін нақты міндеттерді қойды. Елді бірлесе еңбек етуге шақыра келе, Елбасы мемлекеттің одан әрі нығая түсуінің айқын жолдарын көрсетіп берді. Бұл өз кезегінде бұқара халықтың үлкен қолдауына ие болды. Дәстүрлі Жолдауда «Тұрмыс сапасын арттыру» мәселесіне кеңінен тоқталған Президент медициналық қызмет сапасы халықтың әлеуметтік көңіл-күйінің аса маңызды компоненті болып саналатындығын айрықша атап өтті.
Ұлт Көшбасшысы құнды құжатта: «Ең алдымен, әсіресе ауылдық жерлерде алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажет. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен 20 пайызға көбейтуді тапсырамын. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге тиіс. Бұл 2020 жылға қарай бүкіл тұрғындардың электронды денсаулық паспорттарын жасауға, кезектерді, бюрократияны жоюға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деп нақты пәрмен берді.
Сондай-ақ Ұлт саулығы – мемлекеттің басым бағыттарының бірі екендігін тағы да қадап айтты. Жоғарыда айтылғандай, Елбасының халық денсаулығын жақсарту жолында қойып отырған міндеттері біздің бәрімізді жаңашылдықпен, жаңа көзқараспен жұмыс жасауға жетелейді. Соңғы жылдары Президент тапсырмасымен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бағытында көптеген реформалар іске асып жатыр. Емдеу және алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылды, жаңадан денсаулық нысандары салынды. Мәселен, өткен жылдың өзінде Еңбек, Аққұм, Көктөбе елді мекендерінде медициналық бекет ғимараттары пайдалануға берілсе, жыл басында кент орталығынан жаңа емхана ғимараты пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Машбек, Қожамберді, Билібай, Талап бекеті, Өзгент, Бірлік елді мекендерінен медициналық нысандар пайдалануға берілетін болады. Кадрлар біліктілігіне баса назар аударылып, сала жұмысының түрлі бағыттары бойынша Жол карталары әзірленді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін қолданысқа енгізу бойынша да нақты шешімдер қабылданып, дайындық жұмыстары жүйелі түрде іске асуда.
Қазіргі уақытта «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық саласын толықтай цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Аудандағы емдеу ұйымдары кешенді медициналық ақпараттық жүйе бойынша, яғни КМИС бағдарламасы шеңберінде дайындық жұмыстарын бастап та кетті. Бүгінгі таңда осы бағдарлама бойынша науқастардың тұрғындардың электронды денсаулық паспортын әзірлеу, дәрігердің қабылдауына жазылу, еңбекке жарамсыздық парағын беру, патронаждық актив жұмыстары электронды негізде жүзеге асырылып жатыр. Елбасы Жолдауын біз де сала қызметкерлері арасында ұжымдық көрсетілімдер арқылы тыңдадық. Медицина қызметкерлеріне жүктеліп отырған міндеттер аз емес. Сондықтан халықтың медициналық қызметке деген сұранысын қанағаттандыра алуымыз үшін денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қазіргі уақыт талабына сай бейімделе білуі тиіс және біз осы бағытта нақты шаралар қабылдайтын боламыз. Елбасы Жолдауын денсаулық сақтау саласының қызметкерлері де бірауыздан қолдай отырып, осы Жолдаудан туындайтын міндеттерді іске асыруда сенім биігінен көрініп, бірлесе жұмыс жасайтын боламыз.

Яхия ШОРАБАЕВ,
Жаңақорған аудандық орталық
ауруханасының бас дәрігері.
23 қазан 2018 ж. 854 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области