Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік

АРМАН

– Облысқа танымал фотограф Болат Омарәлиевпен қызметтес болған кездері іс-сапарға жиі бірге шығатынбыз. Сонда Болат суретке түсіретін кезде нысанның әр қырынан бір шығып, ұзақ жүретін. Суреттің сәтті шығуы үшін жанын салатын. Мен осы Болаттан кейін өз ісіне шын берілген, аз ғана ғұмырын арманына арнаған Олжас Есенгелдіұлы жайлы айтқым келеді, – деп әлденені іздегендей ардагер журналист Гүлайым Өтепбергенова үстел үстін үздіксіз сипай берді. – Денсаулығы болмаса да, ол өмірге құштар еді. Бүгін атқаратын жұмысты ертеңге қалдырмайтын. Жұмысына жан-тәнімен кірісіп, уақытпен санаспайтын, – деп бірнеше рет үнсіз басын изеді де, суретін ұсынып, көпке үлгі боларлық жас жігіттің өмірбаянын бастап кетті.

Олжас Тасбөгеттегі №11 орта мектебін бітіріп, Ақмешіт техникалық колледжінің «Стандарттау, сертификаттау және метереология» мамандығы факультетіне оқуға түседі. Оны тәмамдап, Болашақ университетінде ақпарат бағдарламасы бойынша білім алды. Арманшыл еді. Өзі жастайынан суретке қызығатын. 2012 жылдан бастап «Ұшқын» мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мекемесіне жұмысқа орналасып, қызығушылығын іс жүзінде шыңдай бастады. Түрлі байқауға қатысып, суретке түсіру шеберлігімен жан-жақты танысты. Сол кезден бастап, жеке кәсіп ашуды ойлап жүрді. Бәрі армандауды біледі. Бірақ оны өмірде іске асыру – кез келгеннің қолынан келе бермейді.
2015 жылдан бастап, кәсіпкерлікке бет бұрды. Кішкене кеңсені жалға алып, әртүрлі бланкілер шығара бастады. Әсіресе мектеп ұжымдарымен тығыз байланыс орнатып, олардың жұмысының көрнектілігіне атсалысты. Тәуекелшіл еді. 2018 жылдың маусымында полиграфиялық орталықтың бизнес жоспарын әзірлеп, мемлекеттік грант алуға үміткер болды. Жобасы мақұлданып, 1038200 теңге грант жеңіп алды. Сол жылы облыс әкімі ұйымдастырған «Өзіңе сене баста» атты мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған конкурста 50 000 теңгенің сертификатына ие болып, әкімнің алғыс хатымен марапатталды. Ол сол кезде мұнымен тоқтамау керегін түсінді.
Тасбөгеттің орталығынан кең бөлмені жалға алып, Алматыға жолға шықты. Полиграфиялық орталығын керек құрал-жабдықпен толықтырды. Оның ойында кәсіппен қыруар пайда табу емес, өзгені жұмыспен қамтысам деген мақсат болды. Содан болар жанында жүрген Азамат, Бейсенбек, Дариға сынды жастарды жұмысқа тартты.
2018 жылдың 4 қарашасы... Асқақ арманының баспалдағына енді аяқ сала берген шағында жүрегі кенеттен тоқтады. Айтар әңгіме аяқталса да, көзілдірігінің ар жағынан салмақты кейіппен қарап тұрған, еңсесі биік, ешкімге қол созбай, еңбегіне ғана арқа сүйеген жас жігіттің суретіне үнсіз қарап, ұзақ отырдым.
Олжас негізін қалап кеткен полиграфиялық орталыққа арнайы барғанымызда алдымыздан бөлесі Дінмұхамедәли Серікұлы күтіп алды. Олжасты «3 сөзбен сипаттап беріңізші» дегенге көп кідірмей: «Шыншыл. Еңбекқор. Тиянақты» деп жауап берді. Иә, нағыз кәсіпкерге тән қасиеттер.
– Орталықта бүгінде 3 адам жұмыс істейді. Көбіне ғаламтордан сурет, мәтін шығаруға студенттер келеді. Сондай-ақ мектеп ұжымдарымен байланыс үзілген жоқ. Түлектердің виньеткаларына тапсырыс қабылдаймыз. Әрине, кез келген іс қараусыз қалса, дамудан кенде қалады. Сондықтан бұл орталықта әлі де жұмыс көп. Бірақ Олжастың арманының қуаты, бізге алға жылжуға, оның атын өшірмеуге күш береді, – деп аяқтады сөзін ол.
Әсел БЕГМАН



15 ақпан 2019 ж. 999 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области