Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Меруерт Түсіпбаева ажырасқан әншілердің қыз ұзатуына қарсы шықты

Меруерт Түсіпбаева ажырасқан әншілердің қыз ұзатуына қарсы шықты

Меруерт Түсіпбаева ажырасқан өнер иелерінің қыз ұзатуына қарсы екенін жасырмады. Әнші өзіне жасалған ұсыныстардың барлығынан бас тарту себебін түсіндірді деп жазады "31" арнаның "Жұлдыздар жарқырайды" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Бір ғана бала туған, ажырасқан әйел болғандықтан қанша танымал болсам да, қарсымын. Сүйкімді, сүйікті болсам да, халқыма рахмет. Бірақ ырымшыл қазақ болғандықтан, ұзатуға барған өнер адамдары сақ болу керек сияқты.
Менің әріптестерім ойлануы керек. "Мен сәйкес келемін бе?", "Саймын ба?", "Осы қыздың бақытына үлес қоса алам ба?" деп ойлануы керек. Ақша табу үшін ойланбай кете беретін әріптестеріміз де бар", - дейді Меруерт Түсіпбаева.
Сондай-ақ, әнші осы уақытқа дейін бір ғана қызды ұзатқанын жасырмады. Оның өзі әншінің туысы екен.
"Мен келісім бердім. "Жақсы. Мен сыңсу әнін айтайын. Бірақ қыздың қолынан ұстамаймын. Оның қолынан ата-анасы, жеңгелері ұстасын" деп келістік", - дейді Меруерт Түсіпбаева.
Айта кетейік, әншінің Нұрғиса есімді жалғыз ұлы бар. Ол жұбайымен шаңырақ көтергеннен кейін бірнеше жыл өткенде ажырасқан.

25 ақпан 2019 ж. 659 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области