Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ел келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты

Ел келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халық үшін аса маңызды Үндеу жариялап, осы жылғы 9 маусымда кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы шешім қабылдады.Бұл Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтатқаннан кейінгі дұрыс шешім болды деп санаймын. Себебі келесі жылы өтетін сайлауды күтудің ешқандай қажеттілігі жоқ. Біз жаңа Президентпен бірге өзіміздің бағыт-бағдарымызды да айқындап алуымыз қажет. Бұл өз кезегінде осыған дейін Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткізілген жетістіктер, әлеуметтік тұрақтылық пен әлем алдындағы Қазақстанның абыройын одан әрі нығайтуға септігін тигізері сөзсіз.
Сондықтан да елдің жарқын болашағы үшін бұл саяси науқанға барлығымыз біркісідей атсалысып, ауызбіршілік танытайық. Өйткені ел келешегі халықтың шешіміне тікелей байланысты. Мұны Қасым-Жомарт Тоқаев та өз сөзінде атап көрсетті.
Осы сайлауда көптеген ұлт пен ұлыс мекен еткен ортақ Отанымызды одан әрі дамытатын, халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыратын, әлемдік аренадағы даңғыл жолын айқындайтын Президентті таңдауымыз керек. Өйткені ұлт болып ұйысып, қоғамның алға қарай жылжуы тікелей мемлекет басшысына байланысты. Сол үшін 9 маусым күнгі саяси науқанда ұйымшылдық танытып, ел Президентін сайлап алуға шақырамын.

Нұрлан ИМАНДОСОВ,
"Рза-Агро" ЖШС директоры
Қазалы аудандық мәслихатының депутаты
15 сәуір 2019 ж. 1 057 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области