Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ел бірлігі – тәуелсіздік тірегі

Ел бірлігі – тәуелсіздік тірегі

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы қабылдаған шешімі шынында да саяси, əлеуметтік, тарихи маңызы жоғары.
Сайлау қоғамды қайта құру емес, оны жақсарта түсу, ізгілендіру сияқты мақсатпен өткізіледі. Бүгінгі қоғамымыздағы ең басты мəселе – татулық пен келісімді қамтамасыз ету, орта және шағын бизнесті дамытуға баса назар аудару және елдің әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында еңбек адамына заң аясында жағдай жасау. Сайлаудың мерзімінен бұрын өтуі еліміздің əлеуметтік-экономикалық даму жолында алға қойған мақсаттарын одан əрі жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ел Президенті өзінің үндеуінде «Мемлекет басшысы ретінде, сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтуіне кепілдік беремін. Бұл – менің берік ұстанымым! Алдымызда зор міндеттер тұр. Мен халқымызға, яғни сіздерге сенемін» деді.
Осындай жауапты кезеңде сайлауға қатысу азаматтардың тек өзін-өзі құрметтеуі ғана емес, жалпы Қазақстанның болашағының, ұрпақ алдында жауапкершілігін көрсетеді.

Серік СЕРМАҒАМБЕТОВ,
Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы.

16 сәуір 2019 ж. 569 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области