Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекеттік қызметші нақты атқарған еңбек үлесіне қарай бағаланады

Мемлекеттік қызметші нақты атқарған еңбек үлесіне қарай бағаланады

Kyzylorda-news.kz. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 5 және 6-шы қадамдарын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қызметшілерге жалақы факторлы-баллдық шкала бойынша төлену мәселесі биылғы жылы өз жемісін берді.

Олай дейтінім, бұған дейін қызметкердің жалақысы тек қана екі параметр бойынша – еңбек өтілі және оның атқаратын лауазымының санатына байланысты төленетін болса, бүгінгі күні қызметшімен атқарылған жұмыстың маңыздылығы, күрделілігі мен шешім қабылдау критерийлері ескерілетін болды.
Бүгінде осы жаңадан қалыптасқан жүйе арқылы қызметші жыл бойы атқарған жұмысының нәтижесіне қарай жылына бір рет өткізілетін бағалау қорытындысына сәйкес бонус алуға мүмкіндігі туып отыр.
Міне, жыл бойына атқарған жұмыс нәтижесі қорытындыланып, мен алғаш рет осы жаңа жүйе арқылы қаржылай бонусқа қол жеткіздім. Біраз уақыттан бері пәтерімізге жөндеу жұмыстарын жүргізуге қомақты қаржы болмай жүрген болатын. Енді бонустан түскен қаржыға пәтеріме жөндеу жұмыстарын жүргізуді көздеп отырмын.
Әріптестерім де алған бонустарын түрлі қажеттіліктеріне жаратуда. Біреулері балаларының оқу ақысын төлеуге жұмсаса, біреулері құрылыс жұмыстарын жүргізуді, түрлі несиелерін жабуды жоспарлауда.
Бонустық жүйе мемлекеттік қызметшінің нәтижелі еңбек етуге және жұмыс жоспарында белгіленген көрсеткіштерге қол жеткізуге ынталандырады.
Қорытындылай келе, ынталандырудың жаңа жүйесі атқарған еңбекке қарай еселенетін болғандықтан, мемлекеттік қызметшілер үнемі біліктілігін арттырып, кәсіби әлеуетін дәлелдеп отыруы тиіс.

Бағдат ІЗКЕНОВ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда
облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы
17 мамыр 2019 ж. 594 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области