Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Биыл Қызылорданы «ерекше» құттықтаған кімдер?

Биыл Қызылорданы «ерекше» құттықтаған кімдер?

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласын «Қала күні» мерекесімен ерекше құттықтағандар марапатталды.
Биыл қала күні мерекесіне орай түрлі форматта байқаулар ұйымдастырылды. Олардың дені әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылып, байқау жеңімпаздарын қала тұрғындары бірге таңдады.
Биыл екінші рет ұйымдастырылған «Qlove» фотосуреттер және «Qvine» вайнерлер байқауы жастар арасында кеңінен қолдауға ие болды.
«Qlove» фотосурет байқауы бойынша қатысушылар өздерінің жылы лебіздерін ерекше өлең жолдарымен, «креативті» фотосуреттерімен жеткізді. Бұл байқауда Альбина Құрманайқызы, Бақмұхаммед Мұхаммадұлы, Балнұр Қаршығақызы және Гүлбану Мақажан көпшіліктің ықыласына ие болып, марапатталды.
Ал «Qvine» вайн байқауында «Жылы жүрек жастар» қоғамдық қорының еріктілері ұсынған видео көптің көңілінен шықты. Олар өз видеоларында Қызылорда қаласының өзіне тән ерекшеліктері туралы тұрғындар арасында жүргізілген сауалнамасымен қызықтырды.
Қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова байқау жеңімпаздарын қала әкімінің дипломымен және сыйлықтармен марапаттады.
Осы байқауда Қызылорда қаласының кіреберіс қақпасындағы жолда ағылып жатқан көліктерді арнайы тоқтатып қойып, ешкімнің ойына келмеген эксклюзивті суретке түсіп, талай адамды қызықтырған фото авторына ерекше тоқталғымыз келеді. Ол – облыстық «Ақмешіт жастары» газеті бас редакторының орынбасары Гүлбану Мақажан. Біз де әріптесімізді жеңісімен құттықтап, шығармашылық толағай табыстар мен фотоға түсудің «креативті» тәсілдерін дамыта беруін тілейміз.





24 қазан 2019 ж. 14 059 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области