Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жас журналистер байқауы өтеді

Жас журналистер байқауы өтеді

Kyzylorda-news.kz. «Сыр бойы» газетінің 90 жылдығы аясында жас журналистер арасында Қалқабай Әбенов атындағы «Тоқсан жылдың толғауы» атты байқау жарияланады.
Жалпы ереже:
1. Байқау облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
2. Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы «Сыр медиа» ЖШС.

Байқаудың мақсаты:
3. Жас журналистер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.
4. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту.

Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:
5. Байқауды ұйымдастырып, өткізу мақсатында «Сыр медиа» ЖШС жанынан Ұйымдастыру комиссиясы құрылады.
6. Байқауға бұрын-соңды жарияланбаған материалдар жіберіледі.
7. Байқауға жасы 35-ке дейінгі бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін тілшілер мен тәуелсіз қаламгерлер қатыса алады.
8. Байқау материалдары тиісті баспа және ақпарат құралдары жетекшілерінің ұсынысы бойынша қабылданады.
9. Байқауға әрбір қатысушы 2 не 3 материалын әрқайсысы 3 парақтан аспайтын көлемде ұсына алады. А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнның ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.
10. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комиссиясына (Қызылорда қаласы, Бейбарыс сұлтан көшесі, 4 А, байланыс телефоны: 8 (7242) 40-02-17, мынадай құжаттарды қоса жібереді.
1) Төмендегі деректер көрсетілген өтініш: автор туралы мағлұматтар/туған жері, күні, айы, жылы;
- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары және 3х4 суреті.
2) байқау материалының қағаз нұсқасы.
11. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.
12. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі:
13. Байқау үш кезеңнен тұрады.
1) 2020 жылғы 5 қаңтар мен 5 наурыз аралығында байқауға қатысушылардан материалдарды қабылдау;
2) 2020 жылғы 10-18 наурыз аралығында материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) 2020 жылғы 20 наурызда байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.
14. Байқау жеңімпаздары Қалқабай Әбеновтің ұрпақтары атынан арнайы сыйлықтармен марапатталады.

05 ақпан 2020 ж. 13 996 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области