Облыс әкімінің қатысуымен интернет-конференция өтеді
Kyzylorda-news.kz. Ертең, 24 шілде күні, сағат 10.00-17.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д.Ысқақовтың қатысуымен «Қызылорда облысын газдандыру мәселесі бойынша» интернет-конференция өтеді.
Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатындығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.