Қызылорда облысы әкімінің қатысуымен интернет-конференция өтеді

Kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы 11 желтоқсанда сағат 10.00-17.00 аралығында Қызылорда облысының әкімі Қ.Д. Ысқақовтың қатысуымен «Индустриялық-инновациялық даму – аймақ экономикасының тұрақты дамуының негізгі факторы» тақырыбында интернет-конференция өтеді.
Онлайн режимде өтетін конференция барысында облыс әкіміне тақырып аясында қоятын сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды https://dialog.egov.kz/ сілтемесі арқылы жолдауға болатындығын хабарлаймыз.
Сонымен қатар, сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңызды жолдау үшін электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет екендігін ескертеміз.
Пікір 1