Қызылордада дабылды ескерту жарияланды
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, 7 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23 м/с болады. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-100%.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.