ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ВИЦЕ-МИНИСТРІ А.АЙМАҒАМБЕТОВ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ
Құрметті қызылордалықтар! 2018 жылғы 2 наурызда сағат 14.30-да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетовтің қатысуымен азаматтарға қоғамдық қабылдау өткізіледі.
Қоғамдық қабылдау «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалы ғимаратында (Қызылорда қаласы, Ы.Жақаев көшесі н/с) өтеді.
Сауалдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, қоғамдық қабылдауға келіп қоюларыңызға болатынын хабарлаймыз!