СУ ЖҮЙЕЛЕРІНЕ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Осы орайда, «Ақмешіт», «Мерей» мөлтек аудандарындағы тұрғындардан көрсетілген уақытта ауыз суды пайдаланбауын сұраймыз. 2018 жылдың 24 сәуір күні сағат 22.00–ден сағат 00.00-ге дейін ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
2018 жылдың 25 сәуір күні сағат 06.00-ден кейін ауыз суды пайдаланар алдында хлор иісінен тазарғанша кранды ашық қою қажеттігін назарларыңызға жеткіземіз.