Тұман, көктайғақ болуы мүмкін
4-5 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл күндері кей жерлерде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан күші 15-20 м/с, 4 наурызда екпіні 25 м/с жел күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.