Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық Ұлан концерттік бағдарлама ұсынады

Ұлттық Ұлан концерттік бағдарлама ұсынады

Kyzylorda-News.kz. ҚР Ұлттық Ұланының ән-би ансамблі 23-25 сәуір аралығында сырбойылықтар назарына «Ұлы дала ұландары» атты концерттік бағдарламасын ұсынуда.
Гала-концерт «Біздің Елбасы» акциясы аясында Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының залында үш күн қатарынан кешкі сағат 19.00-де ақысыз негізде өтеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын халыққа насихаттауды мақсат еткен шараны ҚР Ұлттық Ұланының ақпараттық-насихаттық тобы мен ән-би ансамблі ұйымдастырып отыр.
Сонымен қатар, аймаққа сапар аясында ұжымның азаматтық борышын өтеп жүрген сарбаздардың ата-аналарымен, Ұлы Отан соғысының ардагерімен кездесуі, Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында (қарттар үйі) концерт беруі жоспарланған.
24 сәуір 2019 ж. 747 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области