Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Он маңызды бағыт: Қызылорда өңірінде алдағы 4 жылда 3510 пәтер пайдалануға берілмек

Он маңызды бағыт: Қызылорда өңірінде алдағы 4 жылда 3510 пәтер пайдалануға берілмек

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы соңғы жылдарда елімізде тұрғын үй салу жөнінен алдыңғы орындарда келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде алдағы уақыттағы он маңызды бағыттың бірі ретінде тұрғын үй мәселесін шешуді атап көрсеткен болатын.
«Түрлі санаттағы азаматтардың қолжетімді баспанаға ие болуына айрықша назар аударамын», - деді Мемлекет басшысы.
Бұл бағытта Сыр өңірінде ауқымды істер атқарылған. Былтыр Қызылорда облысында көп қабатты 70 тұрғын үй құрылысы жүргізілді. Онда барлығы 1790 пәтер бар. Нәтижесінде 1222 пәтерді қамтитын көп қабатты 56 тұрғын үй елдің игілігіне айналды. Былтыр сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жүргізуге бөлінген 4,3 млрд теңге қаржы толығымен игерілді. Оған 620 пәтерлі көп қабатты 17 үйдің құрылысы жүргізілді. Жыл соңына дейін 292 пәтерлік көп қабатты 7 тұрғын үйде отбасылар қоныс тойын тойлады.
Сыр өңірінде несиелік тұрғын үй бағытында да іс қарқынды жүріп жатыр. Бұл бағытта Қызылорда қаласындағы дарияның сол жағалауында көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Олардың жалпы саны 4 тұрғын үйді құрайды. Бұл мақсатта 2,1 млрд теңге бөлінген. Ол үйлерде қоныс тойы жақын күндерде тойланады деп жоспарланып отыр.
2018 жыл қорытындысымен Сыр өңірінде 699,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 14,3 пайызға артық.
Тағы бір айта кетерлігі, жаңа аумақтарға жеткізілетін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстары бойынша да жүйелі істер атқарылды. Бұл бағытта 50 жобаны іске асыруға қаралған 7,9 млрд теңге толығымен игерілді. Нәтижесінде Қызылорда облысында 473,2 мың шақырым инженерлік инфрақұрылым желілері ел игілігіне айналды.
Аймақта тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында «Қызылорда облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2022 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленген. Алдағы 4 жылда аймақта аумағы 208,9 мың шаршы метрді құрайтын 3510 пәтер пайдалануға берілмек. Олардың ішінде 1205-і халықтың әлеуметтік осал топтарына, 1715-і көпбалалы отбасыларға беріледі. Ал 590-ы несиелік тұрғын үй есебінде тұрғындарға табыс етіледі. Аталмыш тұрғын үйлерді қамтамасыз ету мақсатында 37,9 шақырым инженерлік желілер тартылады.
«Кешенді жоспардағы тұрғын үй құрылысын жүргізуде жалға берілетін тұрғын үй құрылысының бірінші бағыты - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына арналған. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 2019 жылға 2 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Екінші бағыты бойынша көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі ескеріледі. Оған 3 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Үшінші бағытында инженерлік жүйелерді жүргізу мәселесі ойластырылған», - деді Қызылорда облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Нұрмағамбетов.
Айта кетерлігі, жуырда индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде тұрғын үйді пайдалануға беру жөнінен көшбасшы облыстар аталды. Олардың қатарында Қызылорда облысы да бар.
20 маусым 2019 ж. 513 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области