Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда ер адамдардың 44 пайызы темекі шегеді екен

Қазақстанда ер адамдардың 44 пайызы темекі шегеді екен

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы темекімен бірге Қазақстандағы ер адамдардың 54 пайызы ішімдіктен кетары емес екенін анықтаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеу мәліметін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы бөлісіп отыр. Орталықтың хабарлауынша, Қазақстандағы денсаулық сақтау саласының ұлғайып келе жатқан үлкен проблемасына жұқпалы емес аурулар және олардың қауіп факторлары (темекіні тұтыну, ішімдікті шектен тыс пайдалану, дұрыс тамақтанбау және дене қимылының азаюы) жатады.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жүргізген зерттеулердің нәтижелері бойынша, Қазақстанда ер адамдардың 44 пайызы темекі шегеді, 54 пайызы ішімдік ішеді. Қазақстанда алкогольді тұтыну деңгейі - Еуропа аймағындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. 2016 жылы бұл көрсеткіш ер адамда жылына шамамен 25,0 литр алкогольді, ал әйелдерде 8,9 литрді құрады. Жастардың 57 пайыздан астамы (15-19 жас) соңғы 30 күнде бір уақытта 60 және одан да көп грамм ішімдік ішкен», - делінген Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының хабарламасында.
Орталықтың хабарлауынша, темекіге салынатын салықты көтеру - темекінің қолжетімділігі мен оны тұтынудың төмендеуіне әкеледі.
«ДДСҰ ұсыныстарына сәйкес, орташа және төмен кірісі бар елдерде алкогольге қарсы саясатқа қатысты ең тиімді шаралар алкогольдік ішімдіктерге акциздік салықтарды көтеру, алкогольді жарнамалауға тыйым салулар немесе шектеулерді қабылдау және сақтау болып отыр», - делінген хабарламада.
03 қараша 2019 ж. 12 483 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области