Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНАН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН

ҚУАНДЫҚ БИШІМБАЕВ: МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНАН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫН


    Қуандық Бишімбаев сот алдында жауап бере бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
    Бұрынғы ұлттық экономика министрі қылмыстық іске қатысты барлық мән-жайды түсіндіріп беретінін айтып өтті.  "Мен қоғамға және ең бастысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осыны жеткізгім келеді. Барлық кәсіби жетістіктерім Мемлекет басшысының арқасында. (…) Қайда жұмыс істесем де "Самұрықта", "Бәйтеректе", министрлікте мен Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындауға тырыстым. Бұл мен үшін әрдайым бірінші орында болатын. Президент берген тапсырмалардың барлығы - Қазақстан азаматтары үшін жасалды: тұрғын үй, жұмыс, жұмыс орындары. (…) Президентке мен сияқты жас азаматқа сеніп, оған және елген қызмет етуге мүмкіндік бергені үшін шексіз алғыс айтамын", - деді сот отырысында Қуандық Бишімбаев.
    "Президенттің алдында кінәлі екенімді білемін. Мен танитын адамдар, мен өзім жұмысқа шақырған Жақсыбаев, Жақыпов және тағы басқалар маған нұқсан келтірді, мен олар үшін Мемлекет басшысы алдында жауаптымын. Осы жағдай үшін және Президенттің сенімін ақтай алмағаным үшін ұяламын. Кадрларды таңдау кезінде қатты қателестім. Менің сенімімен кіріп, мені тек қолданған адамдарды өзіме жақындаттым. Мемлекет басшысынан кешіріп сұраймын, халықтан осы үшін кешірім сұраймын", - деді Бишімбаев.
    "Мен айыптау актісінде көрсетілген қылмыс жасады деген айыптауларды мойындамаймын. Мұның барлығы расталғанын білемін, бірақ құрметті сот, мен сіздерге маған белгілі негіздеулерге сүйене отырып өз позициямды жеткізуге тырысамын", - деді экс-министр.
    Сонымен қатар, Қуандық Бишімбаев неліктен осыған дейін сот алдында жауап бермей келгенін айтып берді, "Мен БАҚ өкілдері қатысатын сот отырысында ғана жауап беру туралы құқықты қолдануды шештім. Объектив жауап беріп, шындықты айтып, Қазақстан қоғамына маған тағылған қылмыстарға қатысты мәліметтерді айтып беруді шештім", - деді Қуандық Бишімбаев.
    2016 жылдың 30 желтоқсанында ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүріп жатқаны белгілі болған еді. ҚР СІМ басшылық құрамымен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Қуандық Бишімбаевтың қызметтен босатылғанын мәлімдеген болатын.
    Еске салайық, Қуандық Бишімбаев пен бұл істің өзге де 22 фигурантына қатысты алдын ала тыңдаулар 31 қазанда басталған. Бүрынғы ұлттық экономика министрі ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы "Пара алу" және 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу" бойынша айыпталып жатыр.

08 қаңтар 2018 ж. 710 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области