БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА САПАСЫ

Жоба бойынша әлемдегі ең үздік, жақсы деген 100 оқулық әлемнің әтүрлі тілдерден ана тілімізге аударылады. Қазірдің өзінде 18 оқу құралы қазақ тіліне тәржімаланып, елордада таныстырылымы өтті. Тіпті, ЖОО-ға бөлінеті туралы да айтылды.
Бұл оқулықтар арқылы біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану, филология ғылымдары бойынша дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік аламыз.
Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды оқытудың көкжиегі кеңиді. Өскелең ұрпақ, егемен елдің болашағы жастарымыз жаһандық ғылымның құндылықтарымен танысып, жадына тоқиды.
Елбасы оқулықтарды білім беру үдерісіне тиімді түрде енгізу – маңызды міндеттердің бірі екенін де атады. Бұл дегенің өз кезегінде ұстаздар қауымына жаңа міндеттер жүктейді.
Әбдіхамит ИМАҒАМБЕТОВ
№58 орта мектеп директоры