ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Қасымова ҰБТ-ға дайындық барысымен танысып, бітіруші түлектермен сұхбаттасты.
Сонымен қатар, Қызылорда облысына математика пәні бойынша тест тапсырмаларын жетілдіруге зор үлесін қосып жүрген Қанымкүл Ахметова мектеп бітіруші түлектерге дәріс оқып, тест тапсырмаларын орындаудың жолдары туралы тәжірибе алмасты.
Жалпы ҰБТ дайындық барысында облысымыздың жоғары санатты ұстаздары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің профессорлары мен үздік оқытушылары сабақ жүргізіп, дайындық жұмыстарын жүргізуде.