ЖАЗҒЫ ТЫНЫҒУ ЛАГЕРІНЕ ҚЫЗЫЛОРДАДАН 136 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БАРАДЫ

- Осы жылы облыс бойынша 1-10 сынып аралығындағы 140 500 баланың 136 200-і жазғы тынығумен қамтылады деп күтілуде. Ол барлық оқушылардың 96,9% құрайды. Өткен оқу жылында бұл көрсеткіш 95,0% болған, - дейді Майра Мелдебекова.
Аймақта жазғы демалыс қала, аудан сыртындағы 9 лагерлерде 7 аусымнан ұйымдастырылады, оның алтауы жыл бойы жұмыс жасайтын лагерлер. Аталған жазғы лагерлер мен мектеп жанындағы лагерлер де өз қызметін ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастайды.
- Жазғы тынығу кезеңінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жазғы тынықтыру лагерлерінің басшылары, білім бөлімдеріндегі жауапты қызметкерлер сәуір айында «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында, жазғы кезеңдегі балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша 20 қызметкер біліктіліктерін арттырды. Бұдан бөлек, 2018 жылғы 24-27 сәуір аралығында облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің мамандарымен бірге қала сыртындағы барлық лагерлердің қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті лагер басшылары мен орынбасарларына мамыр айында «Қауіпсіз жаз – 2018» түсіндірме сабақтары өткізілді, - дейді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, облыстан тыс аймақтардағы орналасқан лагерлерде мұнай компанияларының қолдауымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және тұрмысы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасының балалары тынығатын болады.