Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ САПАЛЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Сырдария ауданында құрылыс жұмыстарының көлемі биыл 6,3 есеге ұлғайып, 6503 шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл туралы аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Оның айтуынша осы жылы Қалжан ахун ауылындағы тұтынушы тұрғын үйлердің шекарасына дейін су құбырын жеткізу желілерінің құрылыс жұмыстарын аяқтауға республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген 171 млн. теңге қаржы игеріліп, нысан пайдалануға берілген.
Сонымен қатар 2018 жылға Тереңөзек кентіндегі Иса Тоқтыбаев, Жеңістің 50 жылдығы көшелерін орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 55,8 млн. теңге бөлініп, жұмыстар атқарылуда.
- 2017 жылы құрылысы басталған құны 239,43 млн. теңге құрайтын, Бесарық елді мекеніне кіреберіс жолы үшін «Жаңадария» каналы арқылы өтетін автожол көпірінің құрылысы толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» автожолындағы екі көпірге облыстық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлінді.
Осымен ауданда көпірге байланысты мәселе түбегейлі шешіледі. 2017 жылы басталған Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруға облыстық бюджеттен қосымша 50 млн. теңге бөлінді, - дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ, Тереңөзек кентінде Аманкелді Иманов пен Нәлқожа Ергешбаев көшелерінің қиылысына тұрғын үй кварталының құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса жоғарыда аталған тұрғын үй кварталында салынуға тиісті 9 үйдің екеуі, яғни 3 қабатты 18 пәтерлі №3 тұрғын үй және 24 пәтерлі №4 тұрғын үйлердің құрылысы жүріп жатыр.
Аудан басшысының айтуынша, Қалжан ахун мешіт-медресесін қалпына келтіру жұмыстарына облыстық бюджеттен 33,4 млн. теңге қаржы бөлінген.
Қазіргі таңда конкурс жеңімпазы «Астана-көкше» ЖШС аталған тарихи-мәдени орынды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
31 тамыз 2018 ж. 754 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области