ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІЛІК ҚАЙ УАҚЫТТА АРТАДЫ?

• Таңғы сағат 6-7 – "терезе". Ұзақ мерзімді жад барлығынан жақсы жұмыс істейді, яғни қабылданған ақпарат тез арада миға сіңіп, ұмытылмастай жатталады.
• Сағат 8-9 аралығында логикалық ойлау іске қосылады, бұл кезде есте сақтауға да, сараптамаға да байланысты істерді қатар орындауға мүмкіндік бар.
• 9-10 – ақпарат және статистикамен жұмыс істеуге ең қолайлы мерзім.
• Сағат 11-ден 12-ге дейін интеллектуалдық қызметтің тиімділігі төмендейді, бұл кезде ойыңызды басқа нәрсеге бөлген абзал, мәселен әуен тыңдау не фильм көру.
• Түскі сағат 11-14 аралығы түскі ас ішуге ең қолайлы кез. Нағыз ішкеніңіз асқазанға сіңімді болатын уақыт осы.
• Алайда 12 мен 18 аралығы белсенді еңбек ету кезеңі. Одан кейінгі уақыттарда ми қинала жұмыс істейді. Ұйқыңыз келіп, маужырап отырсаңыз, істің берекесі болмас.
• Кешкі сағат 21-23 кезі ми мен жүйке жүйесін демалтуға таптырмас уақыт саналады.
• Ал 23:00 мен 01:00 аралығында энергия белсенді түрде қалпына келеді. Бұл мерзімді қытай медицинасында "ци", ал үнді йогасында "прана" дейді, жүйке және бұлшықеттер толықтай демалады.
• Түнгі сағат 1-3 кезінде эмоционалдық энергия қалпына келеді.
massaget.kz