ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУДАҒЫ БАСТЫ ТАЛАП
Жалағаш аудандық кітапханасында «Латын әліпбиіне көшу - тіл реформасының бір сатысы» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелде қатысушылар латын әліпбиіне көшу бастамасы жайлы ойларын білдіріп, мұның ең алдымен тіл тазалығы үшін қажеттігін жеткізді. Сонымен қатар, қазір әлем халқының басым бөлігі қолданатын графиканың ұлт тарихындағы орны жайлы да әңгіме болды.
Шара қонақтары бүгінде ұлттық жаңғыру бағытындағы бастамаға айналып отырған латын әліпбиіне көшуді бүкіл қоғам қолдап отырғандығын жеткізді.