Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРТ СӨНДІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРТ СӨНДІРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ ҚАНДАЙ?


    2017 жыл басынан бүгінге дейін облыс бойынша 495 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасынан 5 адам қаза болды, жарақат алғандар саны 10 адам.
    2017 жылғы 25 қарашада 12 сағат 35 минутта Төретам кенті, Ғ.Мұратбаев көшесі №36«А» жаңадан салынып жатқан жеке тұрғын үйдің аумағында көлемі 11х4 метр уақытша тұрғын үйдің төбе жабуы,  жиһаздары мен тұрмыстық заттары жанған. Өрт 13 сағат 13 минутта оқшауланып, 13 сағат 35 минутта толығымен сөндірілді. Өрт көлемі 44 ш.м. Өрт орнында 1942 ж.т. Ж. Ж-ның. (І топтағы мүгедек) мәйіті табылды. Өрттің шығыны мен себебі анықталуда.
    2017 жылғы 27 қарашада 02 сағат 43 минутта Қызылорда қаласы, М. Шоқай көшесі №276, ЖК «Сәдуақасов» аумағында көлемі 12х3 м. 2 контейнер (1 тұрғын,  1 қойма) жанды. Өрт 03 сағат 20 минутта оқшауланып, 03 сағат 26 минутта толығымен сөндірілді. Өрттің көлемі 36 ш.м. Өрт оқиғасы орнында 2000 жылы туылған Ж. С-ның. мәйіті табылды. /Өрттің себебі анықталуда. Жедел көміртегі шала тотығымен улану, дененің 70 пайызы аумағының термиялық күюі нәтижесінде адам қаза болған./    
    Осыған байланысты және өрттің алдын алу мақсатында Қызылорда облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы Асфандияр Сапарғалиев жергілікті және республикалық БАҚ-на  сұхбат берді.
    Өрттің басты себебі, көп жағдайда өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағандықтан орын алады.
    Сондықтан да, құрметті қала тұрғындары, тұрмыстағы өрттің алдын алу үшін қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ұмытпаңыздар.
    Төсек орнында темекі шекпеңіз, темекі тұқылдарын балкондар мен лоджиялардан лақтырмаңыз;
    Қолдан жасалған электр қыздырғыш қондырғыларын қолданбаңыз;
    Үйден шығарда барлық газ және электр қондырғыларының өшірілгендігіне көз жеткізіңіз;
    Балаларды және мүгедектерді үйде қараусыз қалдырмаңыздар! Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөміріне хабар беріңіз.
    Өрт қауіпсіздігі ережесі талабын сақтау – өз өміріңізді, денсаулығыңызды және меншігіңізді қорғайтынын ұмытпаңыз.
    Қызылорда облысы ТЖД
    Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

04 желтоқсан 2017 ж. 2 671 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области