КОМИССИЯНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалының мәжіліс залында партияның Сайлауалды бағдарламасындағы «Білім» бағыты бойынша комиссияның көшпелі отырысы өтті. Отырысқа ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, партиялық тәлімгер Әбдіманап Бектұрғанов төрағалық етті.
Күн тәртібінде «Қазақстандағы білім беру жүйесін жаңғыртудың бір бағыты – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту» тақырыбы қарастырылды .
Комиссияның жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің басшылары, балабақша меңгерушілері, сондай-ақ профильді қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдар өкілдері қатысты.
Отырыста ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова және облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов негізгі баяндама жасады.
ҚР Білім және ғылым вице-министрлігінің ақпаратына сәйкес, министрлік мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзінің жұмысын екі бағытта жүзеге асырудаү
Бірінші – жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту және жеке инвестицияларды белсенді түрде тарту арқылы мектепке дейінгі білімге балалардың тең қолжетімдігін қамтамасыз ету;
Екінші – білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сапаны арттыру.
2020 жылға қарай 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 100% қамтылуы қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейтуде жергілікті атқарушы органдардың белсенді жұмысын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің дамуын ерекше атауға болады. Жалпы саны 9828 мектепке дейінгі ұйымның 31,1%-ы (3058 бірлік.) жекеменшік болып табылады.
Қызылорда облысы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін дамытуда мемлекеттік тапсырыс орналастыру бағытын ең бірінші болып Сыр елі 2009 жылы қолға алған болатын.
Осының арқасында соңғы жылдары бұл көрсеткіш бойынша облыс 100 пайыздық көрсеткішке жетті.
2012 жылы облыс бойынша 81 жекеменшік балабақша жұмыс жасаған болса, қазіргі таңда жекеменшік балабақша саны 394 болып отыр. Жекеменшік балабақшалардың үлесі барлық балабақшалардың 71,2 пайызын құрайды.
2012 - 2017 жыл аралығында республикалық бюджет есебінен 2520 орындық 9 балабақша құрылысы, облыстық бюджет есебінен 1320 орындық 14 балабақша құрылысы салынып, іске қосылды.
Жиын барысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Комиссия мүшесі Наталья Жұмаділдаева мектепке дейінгі білім беру саласындағы өзекті мәселелер бойынша сөз сөйледі. Өз баяндамасында депутат, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қолжетімділігі, олардың білім беру стандарттарының талаптары мен үлгілік білім беру бағдарламаларына сай келуі, материалды-техникалық қамтамасыз етілуі сияқты мәселелер әлі де толық шешімін таппай келетіндігін атап өтеді.
Сонымен қатар, Комиссия мүшелерінің айтуынша, толықтайеңбек нарығыныңсұранысынабәсекегеқабілетті білікті кадрлардыдаярлау да маңызды болып табылады. Себебі Жоғарғы оқу орындары мен техникалық және кәсіптік оқыту жүйесінде «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту» мамандығы бойынша сабақ берілетініне қарамастан, балабақшаларда білікті мамандардың жетіспеушілігі байқалады.
Отырыстан кейін комиссия мүшелері «Бегім Ана» мемлекеттік балабақшасы мен «Нұр Шұғыла» жеке балабақшасы жұмысымен танысты.
Отырыс нәтижесі бойынша комиссия мүшелері тарапынан құзыретті мемлекеттік органдарға жолданатын ұсыныстар дайындалды.