Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Мәңгілік мәдениет» жобасы қолға алынды

Қызылордада «Мәңгілік мәдениет» жобасы қолға алынды

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Мәңгілік мәдениет» жобасы қолға алынды. Бұл жоба бойынша жергілікті өнерпаздар ұлттық рухани дүниелерімізді насихаттайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш іс-шара ұлттық дәстүрімізді көздің қарашығындай сақтап, оны байыту және қайта жаңғырту, жастарды ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында жүзеге асырылады. Сондай-ақ, талантты жастардың өнерін қолдай отырып қала мәдениеті мен өнерін дамытуға көңіл бөлінеді.
«Осы орайда жаз мезгілінде қала қонақтары мен тұрғындарының, әсіресе, жастардың бос уақытын тиімді және қызықты өткізу үшін Қызылорда қаласындағы «Aray city mall» сауда және ойын-сауық кешенінің фойесінде аптасына бір мәрте қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет үйлері өнерпаздарының концерттік бағдарламасын ұйымдастыру қолға алынып отыр», - деді Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары.
«Мәңгілік мәдениет» жобасы аясында жергілікті «Сырлы саз» халықтық-фольклорлық ансамблінің «Домбыра-дастан» атты концертін көпшілік назарына ұсынды. Аталмыш өнер ұжымы түрлі деңгейдегі көптеген шараларда өнер көрсетіп келеді. Халықтық-фольклорлық ансамблінің репертуарында күй атасы -Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Серпер» күйлерімен қатар, дәулескер күйші Н.Тілендиевтің «Әлқисса», «Ата толғау», Дәулеткерейдің «Көрұғлы», Түркештің «Көңілашар» күйлері бар. Сондай-ақ, концерттік бағдарлама барысында әртүрлі күйлер топтамасынан күй-тартыс ұйымдастырылады.
Былтырдан бері Қызылорда қаласындағы Орталық алаң маңындағы «Өнер арбаты» бойында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Онда өнерпаздар күз мезгіліне дейін апта сайын сан алуан шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

06 маусым 2019 ж. 402 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области