Қызылордада екпінді жел және шаңды дауыл тұрады
Kyzylorda-news.kz. «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша 7 маусымда күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.
![](https://syr-media.kz/uploads/posts/2019-06/1559826014_6dauyl1.jpg)
Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20, екпіні 23 м/с. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.
Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.