Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада жас инспекторлардың ХІХ облыстық слеті өтті

Қызылордада жас инспекторлардың ХІХ облыстық слеті өтті

Kyzylorda-news.kz. Жазғы каникулда балалар қауіпсіздігіне баса мән берілу керек, деп жазады «Хабар 24».

Осы ретте өрендердің жолда жүру ережесі Қызылордада өткен жол қозғалысын үйлестіруші жас инспекторлардың ХІХ облыстық слетінде кеңінен сөз болды.
Шарада балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен жол-көлік оқиғаларын болдырмауға мүдделі ведомство, ұйымдар мен жалпы жұртшылық назарын барынша аудару керектігі айтылды.
Балалар жол полициясы қызметінің құрылу тарихын айту, апат кезінде шұғыл медициналық көмек көрсету және қиылыстарда қозғалысты реттеу бойынша біліктіліктерін көрсетті.
Слетте саптық байқау, жол қауіпсіздік ережелерінің білгірлері, үгіт бригадаларының сайысы, жас санитар, және велосипед, ролик, скейтбордты мәнерлеп жүргізу сайыстары өткізілді. Жоғары деңгейде өткен бәсеке нәтижесінде Сырдария ауданының командасы жеңімпаз атанды. Ал 2 және 3-орынды Арал мен Қазалы ауданының жас инспекторлары өзара бөлісті.

07 маусым 2019 ж. 379 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области