Кәсіпкерлер палатасында жұмыс жасауға шақырамыз
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы – 2020» Мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» 4-бағыты аясындағы «Кәсіпкерлікті сервистік қолдау» және «Кәсіпкерлерді қолдау орталықтарында кәсіпкерлерді және кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға ақпараттық қолдау» Компоненттері бойынша қызмет көрсетуге ҚР азаматтарынан іріктеуге өтініш қабылдау басталғандығын хабарлайды.
Өтініштер 2019 жылдың 14 маусым сағат 18.00 дейін қабылданады. Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке куәлік көшірмесі;
2) жұмыс өтілін растайтын құжат көшірмесі;
3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі;
4) 11 қосымшаға сәйкес Үміткер анкетасы.
Іріктеуге қатысуға өтініш үлгісі мен шарттарын Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңсесінен алуға болады: Желтоқсан көшесі, 12 немесе kyzylorda@atameken.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.
Сервистік қызмет көрсету бойынша:
1. Қызылорда қаласының Сауда үйлеріне бухгалтерлік және салықтық есептерді жүргізуге, сонымен қатар статистикалық есеп-қисапты құруға байланысты қызметтер бойынша менеджер-кеңесші – 1 адам;
2. Қызылорда қаласының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына заң қызметтері бойынша менеджер-кеңесші – 1 адам;
3. Қармақшы (1 адам) және Жалағаш (1 адам) ауданының Кәсіпкерлерді қолдау орталығына бухгалтерлік және салықтық есептерді жүргізуге, сонымен қатар статистикалық есеп-қисапты құруға байланысты қызметтер бойынша менеджер-кеңесші – барлығы 2 адам;
Іріктеуге қатысушыларға қойылатын талаптар:
1. Жоғары білім;
2. Сервистік қызмет түрі бойынша кеңес көрсетуден 1 жылдан кем емес немесе аталған салада 2 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;
3. Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі;
4. Компьютерлік сауатының болуы.
Кәсіпкерлер мен кәсікерлік бастамалары бар тұрғындарды бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын ақпараттандыру бойынша:
1. моноқалалар,кіші қалалар мен аудан орталықтарын Қармақшы (1 адам), Сырдария (1 адам), Жалағаш (1 адам) аудандарындағы және Байқоңыр қаласындағы (1 адам) Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы арқылы Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ететін менеджер-консультант – барлығы 4 адам;
Менеджер-консультанттарға жалпы қойылатын талаптар:
1. Жоғары білім;
2. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру саласында кеңес көрсетуден 1 жылдан кем емес немесе кәсіпкерлікті қолдау саласында 2 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы;
3. Мемлекеттік және орыс тілдерін білуі;
4. Компьютерлік сауатының болуы.
Ескерту: барлық менеджер-кеңесшілер шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар («Бизнестің жол картасы 2020» мембағдарламасы, «Еңбек» бағдарламасы, «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту» бағдарламасы, Өнімділік – 2020, Экспорт - 2020) бойынша кеңес беруге құзыретті болуы тиіс.
Үміткерлердің кандидатурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрлігімен келісіледі.
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасындағы байланыс телефон: 8/7242/400874, 400202 Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы – Абжаппаров Фархад.