Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 15 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар

15 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Үндістан Республикасында Қазақстан Елшілігі ашылды.

1996 жылы Абай шығармаларының жинағы Иранда парсы тілінде басылып шықты.

1996 жылы
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Өкімімен Архив туралы Ереже бекітілді. ҚР Президентінің архиві - ҚР Президенті және оның Әкімшілігінің мұрағаттық қызметін қамтамасыз ету саласында республикалық мемлекеттік органы қызметін атқаратын мемлекеттік мекеме. Архивті ҚР Президенті Әкімшілігі басқарады.

2015 жылы Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес, ҚР ұлттық контингентінің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөніндегі операцияларға (миссияларға) қатысуына байланысты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Қазақстан Республикасының бітімгершілік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2015 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Назарбаев Университетін» бітірген алғашқы студенттерге диплом табыстау салтанатты рәсіміне қатысты.

2016 жылы Қазақстанда «Имам» деп аталатын тегін такси қызметі іске қосылды. Оның ерекшелігі: қалалық мешіт имамдары такси жүргізушісі болып қызмет атқарып, Рамазан айындағы тарауық намазына қатысушыларды үйлеріне тегін жеткізеді.
15 маусым 2019 ж. 493 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области