Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » G20 елдері мұхитқа тасталатын пластик көлемін азайтуға келісті

G20 елдері мұхитқа тасталатын пластик көлемін азайтуға келісті

Kyzylorda-news.kz. G20 елдерінің өкілдері Жапониядағы Каруидзава қаласындағы кездесу барысында Дүниежүзілік мұхитта қалқып жүрген пластикалық қоқысқа қарсы күресте бірлесе іс-қимыл жасайтын халықаралық құрылым құру жөнінде келісті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Қабылданған келісімге сәйкес, G20 елдері пластикалық қоқыстарды азайту жөніндегі шешімді ұжым болып қабылдайды және өзара жұмыс нәтижелерін алмасып отырады.
Талқылау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар әлемдік экономиканы энергетикалық шикізатпен қамтамасыз етуде тұрақтылыққа қол жеткізу үшін күш біріктіруге келісті. Сондай-ақ кездесуде БҰҰ-ның суды пластикпен ластаудағы деректері айтылды. Ол бойынша адамзат әр жыл сайын 300 миллион тоннаға дейін пластикалық қоқыс шығарады екен. Ал оның 10 миллион тоннаға жуығы Дүниежүзілік мұхитқа тасталады. Бұл бүгінгі таңда ғаламдық экологиялық проблеманы тудырып отыр.

17 маусым 2019 ж. 320 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области