Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қала әкімінің орынбасары қызметтен кетті

Қала әкімінің орынбасары қызметтен кетті

Kyzylorda-news.kz. Бүгінге дейін қала әкімінің орынбасары қызметін атқарып келген Сәрменбаев Берік Әбдіғаппарұлы өз өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Берік Сәрменбаев мемлекеттік қызметтің түрлі сатысынан өткен тәжірибелі маман, білікті басшы. Бұған дейін жауапкершілігі мол салаларда да абыройлы еңбек етіп, қалалық сәулет және қалақұрылысы, жер қатынастары, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімдерін басқарған.
Қармақшы, Шиелі және Қызылорда қаласы әкімінің құрылыс және коммуналдық салаға жауапты орынбасары ретінде саланы өрге сүйрейтін жаңашыл бастамалар әкеліп, оның орындалуын қадағалан аймағымыздың жанашыры.
"Уақытпен санаспай қаланың көркейіп, көгалдандырылуын, коммуналдық мәселесін жақсартуда үлкен еңбек етті. Сізге ұзақ ғұмыр, қажымас қайрат, отбасыңызға бақ-береке тілей отырып, қандай қызметте жүрсеңіз де еліміздің, оның ішінде аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлкен үлесіңіз үшін алғысымды білдіремін,"- деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
Қызылорда қаласының Құрмет грамотасымен марапатталған Берік Сәрменбаев өз кезегінде әріптестеріне бірлесіп атқарған жемісті еңбегі үшін алғысын білдірді.
19 маусым 2019 ж. 490 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области