Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы»

«Шешендік өнер: сөйлеу мәдениеті мен технологиясы»

Kyzylorda-news.kz. Осы тақырыппен Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында семинар-тренинг өтті.

Шара облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Махановтың төрағалымен өтіп, оған «Ritorix» шеберлік өнер мектебінің негізін қалаушы Гүлжанат Битанова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика» кафедрасының доценті Айман Айтбаева, Бизнес инкубатор орталығының басшысы Жандос Оразбақов және облыс әкімдігі жанындағы ақпараттық түсіндірме тобының мүшелері, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, психологтар, теологтар қатысты.
Шараның мақсаты Аймақтағы дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндірме топ мүшелерінің көпшілік алдында толғамды ой, түйінді пікірлермен жұмыс істеу мүмкіндіктерін арттыру, шешендік өнерге және пікір еркіндігі мен ойын жүйелі жеткізуге баулу.
«Қазақ халқы ежелден шешендік өнерді жоғары бағалаған. Ата-бабамыз осы арқылы ел арасындағы дауларды шешіп, бітім айтып отырды. Технологиялар қарыштап дамыған бүгінгі заманда адамдар арасындағы байланыс басқаша өрбіп, сөйлеу мәдениеті кенже қалып барады. Тіліміз бай дегенімізбен, сол барымызды бүгінде қолдана алмай жүргеніміз жасырын емес. Сондықтан бүгінгі семинар-тренингтің барлығымыз үшін берері бол деп есептеймін. Әсіресе, деструктивті діни ағым өкілдерімен диалогқа түсетін теологтар мен АТТ мүшелері бүгінгі жиыннан құнды ақпараттарды ала алады деп ойлаймын, - деді семинарда Талғат Маханов.
Семинар-тренингте спикерлер «Шешендік өнеріңді шыңда», «Шешендік өнер және сөйлеу мәдениеті» және «Презентация жасаудың тиімді тәсілдері» тақырыптарында баяндама жасады.
Тренинг соңы тәжірибелік әдіске ұласып, қонақтар мен қатысушалар шешендік өнердің теориялық және тәжірибелік әдіс-тәсілдерді кеңінен талқыға салды.

20 маусым 2019 ж. 611 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области