Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорданың бас архитекторына сөгіс беріледі

Қызылорданың бас архитекторына сөгіс беріледі

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерді беймезгіл уақытта мазалағаны үшін Қызылорданың бас архитекторының тәртіптік ісі Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.

Әдеп кеңесінің хатшылығына облыстық кәсіпкерлер палатасынан Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысының іс-әрекетіне байланысты жолданған хат негізінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізілді.
«Тергеп-тексеру нәтижесімен, Қызылорда қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов кәсіпкер Н.Бакеевтің жұбайына түнгі сағат 23:15-те хабарласып, кәсіпкердің құрылысы жүріп жатқан дүкеніне келуін және құрылыс басына барған кезде құрылыстың қоршауын алып тастауын талап еткендігі анықталды», дейді облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы Сәкен Жұмаев.
Кеңес мүшелері тәртіптік істі жан-жақты қарап, ҚР Әдеп кодексінде көзделген мінез-құлықтың жалпы стандарттарының бұзылуына жол бергені үшін бөлім басшысы Жақсылық Ержановқа «сөгіс» тәртіптік жазасын көру туралы Қызылорда қаласының әкіміне ұсыныс берді.
24 маусым 2019 ж. 342 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области