Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қасым-Жомарт Тоқаев эвакуацияланған тұрғындармен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев эвакуацияланған тұрғындармен кездесті

Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қала қалпына келтіріледі, бәрі дұрыс болады. Бұл төтенше жағдай, апат. Қайтеміз, кейбір уақытта солай болады. Үкімет ақша, қаражат береді, көмектеседі, алаңдамаңыздар!. Бәрі жақсы болады. Жөндеу жұмыстарын жасап береміз. Үкімет қанша қаражат керек екенін санайды. Содан кейін қаражат бөлеміз. Бәрін түсініп отырмын, бәрі жақсы болады. Арнайы келіп отырмын», - деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуі барысында.
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Президентке Арыстағы жағдайды баяндап тұрған сәтінен суреттер жариялады.

25 маусым 2019 ж. 501 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области