Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Арыста дүкен мен үйді тонағандар ұсталды

Арыста дүкен мен үйді тонағандар ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Арыс қаласындағы төтенше жағдайды пайдаланып, бір үй мен дүкенді тонаған үш адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылды. Жедел желі іске қосылып, оған осы уақытқа дейін 11 мыңға жуық қоңырау келіп түсті. Қазіргі уақытта ұрлық-қарлықтың алдын алу үшін полицияның 75 наряды оқиға орнында жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар, екі қылмысты жасаған үш адам ұсталды. Атап айтқанда, бір дүкен мен бір үй тоналған», - деді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.
Министрдің айтуына қарағанда, Арыс қаласына кірген және шыққан көліктердің барлығы тексеріліп жатыр.
«Төтенше жағдайдың салдарынан екі адам көз жұмды. Бірі Арыс қаласының әскери бөлімінің әскери қызметшісі, екіншісі Арыс қаласының тұрғыны. Екі адам жансақтау бөлімінде жатыр. 34 адам ауруханаға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 12 адамға медициналық көмек көрсетілді», - деді ол.

25 маусым 2019 ж. 306 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области