Қызылордада «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы аумағында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы басталды, деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың кең тобын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін нығайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты таныстыру.
Акция барысында профилактикалық есепте тұрған адамдарды, сондай-ақ қолайсыз отбасыларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексеру жұмыстары іске асырылып жатыр.
Қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңын түсіндіру жөніндегі буклеттерді үлестіре отырып, қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерді күн сайын аралауда.
Аталмыш акция ағымдағы жылдың 24-27 маусым аралығында өткізілетін болады.