Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мемлекет тұрмысы төмен отбасылардың 300 мың теңгеге дейінгі несиесін өтеп береді

Мемлекет тұрмысы төмен отбасылардың 300 мың теңгеге дейінгі несиесін өтеп береді

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік тұрмысы төмен топтағы азаматтардың өз аттарына алған несие қарыздарын өтеу туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент қарызға батқан азаматтардың жағдайына бей-жай қарай алмайтынын айтты.
«Әлеуметтік тұрғыда барынша аз қамтылған азаматтар түрлі қиын жағдайларға байланысты өзіне алған кредиттік міндеттемесін орындай алмай отырған ахуал қалыптасты. Көптеген азаматтардың қарыз жүктемесі артып келеді, олардың шынайы табыстары төмендеуде. Адамдар кредиттері бойынша қарыздарын қалай өтерін білмей отыр және бұл проблема шамамен 100 мың азаматымыздың өмірлік мүддесіне қатысты. Мұның барлығы сарапталған және есептелінген. Қазақстанның басшысы ретінде адамдардың белшеден батқан қарыздан шығуға қауқарсыз екендігін көре отырып, бұған араласпай тұра алмаймын. Сондықтан Үкіметке бір реттік акция ретінде келесі шараларды қабылдауды тапсырдым: жоғарыда атап өткен санаттағы әрбір заемші үшін нақты және атаулы қаржылай көмек ретінде мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді», - деді Президент.
Несиелердің 86%-ынан астамының мөлшері 1 млн теңгеден аспайды. Қарыздардың орташа мөлшері – шамамен 300 мың теңге.
«Тікелей және атаулы қаржылай көмек ретінде көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айрылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар, жетім балалар санаттағы азаматтар үшін мемлекет екінші деңгейлі банктер мен шағын қаржы ұйымдарынан алынған жалпы мөлшері 300 мың теңгеге дейін негізгі несиені және оған есептелген сыйақыны өтейді», - дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан бөлек, олардың биылғы 1 маусымға дейінгі қарыздарының жалпы көлемі 3 млн теңгеден аспауы тиіс.
Несие алғандардың 55%-ы, яғни 250 мың адам үшін бұл негізгі несие мен сыйақыны қоса алғанда жалпы қарыз көлемін тұтастай төлеу дегенді білдіреді.
Қалған несие алған азаматтардың қарыздары 300 мың теңге мөлшерінде өтеледі. Бұл олардың төлеу қабілеттілігін қалпына келтіруге және қарыз жүктемесін төмендетуге айтарлықтай септігін тигізеді.
2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азаматтар үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады.
Несие алушылардың аталған төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі.
26 маусым 2019 ж. 553 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области