Домбыраға қатысты тіркелген рекордтар мен қызық деректер
Домбыра қай қазақтың болмасын жүрегіне жақын аспап. Себебі ол ата-бабадан қалған мұра, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени-эстетикалық туындыларымыздың жеткізушісі. Домбыра бар жерде қазақ халқының тiлi, өнерi, тарихы бiрге жүредi. Киелі аспапты қастерлеу, дәріптеу, түп тамырын ұмытпау әр қазақтың міндеті, осы орайда домбыраға қатысты қызықты деректерді ұсынамыз.
Ең көп адам ойнаған күй
2010 жылы Қытайдағы Толы ауданы қазақтарының арқасында домбыра Гиннестің рекордтар кітабына кірді. Бұл туралы ақпарат таратқан "Азаттық Радиосының" мәліметінше, 10450 домбырашы Дәулеткерейдің "Кеңес" күйін бірге орындап, рекорд жасаған. Жаппай орындауға дайындық екі жылға созылған.
Алдымен 160 адам ауданның шебер күйшілерінен тәлім алап, өз кезегінде олар басқаларға да үйреткен. Шыдамдылық пен ерен еңбектің арқасында Толы қазақтары діттеген мақсатына жетті. Гиннестің рекордтар кітабының өкілдерін таңғалдырып, рекорд орнатты.
Ең кішкентай домбыра
2012 жылы қытайлық қазақ Болатбек Кәрімханұлы әлемдегі ең кішкентай домбыраны жасап шықты. "Айқын" газетіндегі мәліметке қарағанда, домбыраның ұзындығы - 4,5 сантиметр, ені - 1,4 сантиметр, биіктігі - 1,2 сантиметр ғана болатын қос ішекті аспапты инемен шертіп, ойнауға болады. Дауысы дұрыс шығу үшін қа-ражиде ағашын алып, әрбір бөлшегін жеке жонып, бір-бі¬рімен қиюластырып отырады. Сырт пі¬шінін қазақы ою-өрнектерімен бе¬зендіріп, әспеттей түседі.
Тексерудің нәтижесінде домбыра барлық талапқа сай екені дәлелденіп, онымен толыққанды күй ойнауға болатыны айтылды. Нәтижесінде ол Гиннестің рекордтар кітабына енді. Болатбектің ендігі арманы - ең үлкен домбыраны жасап шығару.
Атыраудағы рекорд
Гиннестің рекордтар кітабына енген тағы бір оқиға 2013 жылы Атырауда болды. Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазының 190 жылдығына орай ұйымдастыралған музыкалық фестивальде мың домбырашы өнер көрсеткен.
Олар Құрманғазы, оның шәкірттері Дина Нүрпейісова, Нұрғиса Тілендиев, Тәттімбеттің күйлерін бірлесе орындап, импровизацияланған сахнада қазақ халық музыкасының орындаушылары жиналып, бұл оқиға Гиннестің рекордтар кітабында тіркелді.
Ең үлкен домбыра
Қытайдағы қандастарымыз әлемдегі ең үлкен домбыраны жасаған. ҚХР Құлжа ауданында тұратын ағайынды домбыра жасау шеберлері Бақытнұр мен інісі Бақыткелді Аренғазыұлы ұзындығы 7,5 метр, шанағының кеңдігі 1,8 метр келетін алып домбыраны жасап шыққан. Ағайындылар қазақтың домбырасын жасаудан Қытай еліне танымал азаматтар екен. Оларға "Қазақтың ұлттық мәдениетінің мұрагерлері" деген атақ та берілген. Алыс-жақынға танымал Абай және Жамбыл домбыраларын ойып жасаудың шеберлері "Қос домбыралы шаңырақ", "Қондырғылы домбыра" өнер туындылары Қытай мемлекетінің ең үздік туристік музыка кәдесыйы болып бағаланған. Бұл алып домбыра Қытайдағы қазақтар жиі қоныстанған Іле қазақ автономиялы облысының құрылғанына 60 жыл толуына орай дүниеге келген.
Тау шыңында домбырада ойнаған қазақ жігіт
2016 жылы 19 жастағы қазақстандық Ерайдын Тасболат Ресей мен Еуропаның ең биік шыңы- Эльбрусты бағындырған еді. Тау шыңында ол ұлттық костюм киіп, домбыра шерткен. Ерайдын Эльбурс шыңында "Ерке сылқым" күйін ойнаған. Оны ұстаздары Айша мен Шынтеміру атаға арнаған. Өзінің саяхатын жігіт #автостопомдоЭльбруса хештегімен әлеуметтік желіге жүктеп отырған.
50 мың евро тұратын домбыра
2015 жылы Астанада 50 мың евро тұратын алтынмен және гауһармен безендірілген домбыра көрсетілді. Stan.kz порталының мәліметінше, домбыра 24 карат таза алтынмен және гауһар таспен көмкерілген. Домбыраның ұзындығы - 100 сантиметр, ені - 25 сантиметр. Бірақ ол ойнауға арналмаған. Сән ретінде интерьерге қолданылатын бұйым.
Алайда аспап әуен ойнап беретін арнайы механизммен жасақталған. Механизмде 72 нота, 3 тон дауысты көрсетеді. Онда "Үш қоңыр" (Н.Назарбаев, А.Қоразбаев), "Желсіз түнде жарық ай" (Абай) және "Аққу" (Сүгір) осы үш ән ойнатылады.
2017 жылы Dombra мобильдік қосымшасын жасап шығарылды. Оны Сүлеймен Демирел атындағы университеттің үшінші курс студенті Қамбар Нұрлан жасаған. Қосымша көмегімен домбыраны ұялы телефон арқылы үйренуге болады. Жас өнертапқышқа идея "ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде келген.
Tengrinews.kz