Қызылордада ертең 40°С аптап ыстық болады
Kyzylorda-news.kz. Синоптиктер ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».
5 шілдеде күндіз Қызылорда облысында 40°С аптап ыстық күтіледі.
Сонымен қатар 5-6 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерінде күн күркіреп, тұман түседі. Дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан және солтүстік-батыстан жел соғады. Кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
6 шілдеде кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады. Осы күндері Петропавл қаласында найзағай ойнап, күндіз дауыл тұрады. Бұршақ жауады. Батыстан және солтүстік-батыстан күшті жел соғады, күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.
5 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, батыстан және оңтүстік-батыстан күшті жел соғады. Күндіз жел қарқыны - 15-20 м/с.
5 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Күндіз кей жерлерде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.