9 шілде: Атаулы күндер
1970 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен Алматы облысы Іле ауданының Жаңа Іле кенті облыс қарамағындағы қалалардың қатарына еніп, оған Қапшағай қаласы атауы берілді.
1991 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мемлекеттік салық қызметі құрылды.
2001 жылы Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңы жарық көрді.
2007 жылы Атырау мемлекеттік университеті жанындағы археологиялық-этнографиялық орталықтың кезекті экспедициясының мүшелері сармат дәуірінен жеткен алты обаны тапты.
2009 жылы Нұр-Сұлтанда ТМД-да автомобильдің тозған шиналарын өңдейтін алғашқы зауыт іске қосылды.
2009 жылы «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасының аумағында «Ежелгі Қазақстанның қаруы және қару-жарағы» топтамасының көркемдік маркасын айналымға енгізді.
2013 жылы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойды.
2014 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаев «Есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларын Кеден одағының кеден аумағы арқылы өткізу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды.